Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
23
USD
445
-3.00
EUR
514
-3.32
RUB
5.28
-0.01

Алматыда енесіне жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Жәбірленуші үш жыл бұрын ауыр жол-көлік оқиғасына түскен. Содан бері денсаулығында бірқатар қиындық бар. Оның қызының айтуынша, анасы денсаулығына қарамастан үш баласын тәрбиелеп отыр. Балаларының бірінің ерекше қажеттілігі бар. Оқиғадан кейін әйелдің қызы күйеуінің үстінен полицияға арыз түсірген.

Бұған дейін қылмыстық істің қаралуы созылып кеткені туралы ақпарат тараған. Бұған сот-медициналық сараптамаға қатысты құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі, сондай-ақ полиция мен сарапшылар арасындағы бюрократиялық мәселелер себеп болғаны айтылған.

Осыған байланысты қоғам белсенділері Алматы қаласының прокуратурасы мен заңгерлерді істің заң талаптарына сай қаралуын бақылауға шақырды. Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденген жоқ. Тергеу нәтижесі мен сот шешімі оның кінәсін анықтайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз