Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда дизель бағасын қасақана көтергендердің қулығы әшкере болды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Тексеру барысында қаладағы “Royal Petrol”, “Гелиос”, “Газпром-нефть Қазақстан” және “Sinooil” жауапкершілігі шектеулі серіктестері бір-бірімен заңсыз келісімге келіп, сұйық отынның бағасын 5 ай бойы бірлесіп қымбаттатқан. Алайда, монополистер тұтынушылар құқығынын бұзған компанияларға тек ескерту хаттарын жіберумен шектелді. Тағы бір рет осындай заңбұзушылық қайталанса кәсіпкерлер табысының 3-5 пайызын айыппұл ретінде қазынаға төлеуі тиіс. Әйтсе де, компаниялар бағаны нарыққа сай шарықтаттық деп отыр.

Көкшетауда мұзды өзенге 9 жасар бала батып кете жаздады

Айта кетейік, қазір қалада дизель отыны 191-193 теңге аралығында сатылып жатыр.

“Олар сәуір мен тамыз айлары арасында қатарласып бірге бағаларды көтерген. Олардың айтуы бойынша, көтерме баға сондай болған. Біздің талдаудың нәтижесінде олар қалдықтарын ұстап, өсіргенін анықтадық”, деді Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз