Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында айтылған. Осы құжатқа сәйкес, жұмыс күндеріндегі шектеулерге қосымша демалыс күндері:
- азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысы;
- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың жұмысы;
- сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің жұмысы;
- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, жаттығу залдарының, спорт кешендерінің жұмысы;
- сауналардың жұмысы;
- ашық ауадағы аттракциондардың жұмысы;
- метрополитенді қоса алғанда, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.