Коронавирус індетін жұқтырған 62 алматылықтың жағдайы ауыр.
Оның айтуынша, қаланың жұқпалы аурулар ауруханаларында 1226 адам жатыр.
— Ауруханада жатқандардың бесеуінің жағдайы аса ауыр, 62 науқаста коронавирус инфекциясы ауыр өтуде, 574 адамның хал-ахуалы орташа ауырлықта, 584-інің жағдайы қанағаттанарлық. Тағы 55 науқас симптомсыз категорияға жатады, бірақ олар та қауіп-қатер аймағында.
Өкінішке орай, жағдайы ауыр науқастардың санының артқанын байқылап отырмыз. Соңғы аптаның ішінде олардың саны екі есеге дейін артты. Егер бұрындары 36 болса, қазір 62 науқастың жағдайы ауыр, — деп түсіндірді Надыров.