Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда бизнес-орталықтағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

«Жұмыс барысында тергеу шараларының кешені мен бірқатар сот сараптамалары жүргізіледі, нәтижесі арқылы өрт себептері мен оқиғаның өзге де мән-жайы анықталады.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға орнында 54 жастағы Н. есімді азамат иіс газына уланып көз жұмған. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Бостандық ауданы ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.

Еске сала кетсек, кеше шамамен кешкі жетіде Алматы қ. ІІД Жедел басқарма орталығына бизнес-орталықтағы өрт туралы хабар келіп түсті. Ғимараттан 80 адам көшірілді.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға және көлік құралдарын реттеуге Алматы қалалық ІІД-нің 65 қызметкері атсалысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз