Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда біреулер қытайлық бизнесменді оңдырмай тепкілеп кетті

10 желтоқсанда түнгі сағат 1:40 шамасында белгісіз үш адам фабриканың шатыры арқылы компанияның жатақханасына ұрланып кіріпті. Алдымен шопырды соққыға жығып, байлап-матап тастапты.

Бұл шуды естіген бас директор Ли Вэйцзи екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп, бетіне маска киген ер адамның ғимарат ішіндегі мүлікті сыртқа тасып бара жатқанын көріпті. Вэйцзи ұрыны тоқтатпақ болған, бірақ өзі соққыға жығылыпты.

Ұрылардың үшеуі де қытайық бизнесменді сабауға кіріскен екен.

Компанияның күзетшілері жетіп келгенде қарақшылар ештеңе алып үлгерместен қашып кетіпті.

Ал Вэйцзи оңбай таяқ жепті. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз