Бұл оқиға туралы СТВ арнасындағы “Территория происшествий” бағдарламасының тілшісі жеткізді.
Қайғылы жағдай Алматының Лавренев көшесінде, ВАЗ-дан төмен жерде болған екен.
Қаладан сыртқа шығып бара жатқан Volkswagen Polo көлігінің алдынан жаяу жүргінші атып шыққан көрінеді. Тоқтап үлгермеген жүргізуші оны қағып кетсе, артта келе жатқан автобус жерде жатқан адамды дер кезінде байқамай, оны тағы бес метрдей жерге сүйреп әкетіпті.