Алматыда Жандосов көшесінде бір әйелді экскаватор басып кетті, – деп хабарлайды Zakon.kz.
„Жантүршігерлік жол көлік оқиғасы Жандосов пен Саин көшелері қилысында түскі уақыт — 15.30 кезінде орын алды„, – делінеді сайттың ақпаратында.
Ал автобустың сол жағынан келе жатқан экскаватордың арнайы жолаққа тоқтау туралы ойы болмаған. Ол автобус алдынан өткен әйелді жолдың арғы бетіне жеткізбей басып кеткен.
Ауыр көлік бірнеше метр ұзағаннан кейін ғана тоқтаған.
Көптеген жарақат пен зақым алған әйел оқиға орнында көз жұмды.
Алдын ала келтірілген дерекке сүйенсек, шамамен, 25-26 жастағы экскаватор жүргізушісінің қолына кісен салынған.