Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда Батырхан Шүкеновтің ескерткіші қашан пайда болады?

Алматы Орталық саябағының басшылығы таяу уақытта Батырхан Шүкеновке ескерткіш қоя алмайтындарын түсіндірді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Биыл наурызда Горький атындағы саябақта қазақстандық орындаушының құрметіне ескерткіш орнатуға уәде берген. Оны “Әуен бағында” орнататын болып шешкен, қазір ол жақта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

“Әзірге біз концепциясын ойластырмадық, қайда және қашан қоятынымызды да шешпедік. Сол себепті осы мәселені кейінге шегердік. Оны біздің қала басшылығы шешетін болады. Жыл соңына дейін бірдеме болады деп айта алмаймын”, – деді Алматы Орталық саябағының директоры Владимир Калинин.

Айта кетейік, 2018 жылы мамырда Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде Батырхан Шүкеновтің құрметіне ескерткіш қойылған еді. Туынды авторы – Мұрат Мансұров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз