Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда «барахолка» жұмысшылары тексеруден өтіп жатыр

Атап айтқанда, Жетісу ауданындағы №11 емхана қызметкерлері экспресс-зертхана арқылы келушілердің холестерин мен қант деңгейін тексеріп жатыр.

Сондай-ақ, флюра аппараты жұмыс жасап тұр. СПИД орталығынан Онкологиялық орталықтан мамандар келді.

«Биылғы акция да 2 айға созылады. Жұмыс орнынан кете алмайтын жұмыскерлерді, базар қызметкерлерін тексеріп жатырмыз. Олардың арасынан денсаулығы нашар адамдарды ары қарай бақылауға алатын боламыз», – деді Алматы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бөлім басшысы Гүлсара Есмағамбетова.

Мамандардың айтуынша, келушілердің арасында міндетті медициналық сақтандыру жайында сауал қойғандар өте көп болған.

«Пациенттер тарапынан сауал көп. Әсіресе, өзінің медициналық әлеуметтік сақтандыру аясындағы статусын білмейтіндерге сол жерде анықтап, түсіндіріп жатырмыз», – деді №11 емхананың профилактика бөлімінің басшысы Сұлтанова Жигагүл.

Гүлмира Ғосманәли

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз