Алматыда ер адам балкон жылылаймын деп елді алдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 жастағы ер адам балкондарды жылылау, әйнек салу жұмыстарын орындаймын деп тұрғындардан алдын ала төлем алып отырған. Полиция нақтылағандай, ол ешқашан жөндеу жұмыстарымен айналысып көрмеген
.
«Бүгінгі таңда оның 18 қылмыстық эпизодқа қатысы бары анықталды. Жапа шеккен тұрғындардың шығыны 1 млн теңгеден асады. Бұл адамның әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-47-00; 254-47-01, 254-47-03 нөмірлеріне хабарласса болады», – деді Бостандық аудандық ІІБ басшсы Дәурен Утебаев.