Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда автокөліктерді жалға беретін ерекше сервис ашылды

122

«Біз Алматыда жаяу жүргінші инфрақұрылымынң жаңарғанын, көлік реформасының жүзеге асқанын, бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлардың жасалып жатқанын, қала тұрғындарының тұрмыс деңгейінің арта түскенін көрудеміз.

Біздің мобильді қосымшамыз арқылы бос тұрған автомобильге ақы төлеп, алматылық агломерация аумағында көлікті тиімді пайдалануға болады.

Сервис клиенттері көлікке май құймайды, жумайды, тұраққа ақша төлемейді, белгілі бір жерге қалдырып кете алмайды», – дейді Трани Винченцо.

Мысалы, жалға алған көлікпен тек қала ішінде ғана емес, негізгі туристік дестинацияларға, Медеуге, ҮАӨ, тіпті Қапшағайға дейін баруға болады. Көлікте автоматы қосылғыш, артқы көріністік камера, навигатор және климат реттеуші бар.

Қазіргі кезде жобаға 4 миллион евро инвестиция жұмсалған, «Volkswagen Polо» маркалы 100 автокөлік дайын тұр әрі жаңа жұмыс орындары ашылады.

«Алматыда орташа жалақысы 300 мың теңге болатын 50 жергілікті маман жұмысқа тартылды.

Жас әрі өте дарынды, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, кезінде «Uber» компаниясында істеген Мұхит Сейдахметовты ерекше атап өткім келеді.

Ол менің орынбасарым, барлық өңірлердегі бизнестің дамуына жауап береді. Алматыда қаланы трансформациялау аясында жаяу жүргінші және велосипед инфрақұрылымы жасалғандықтан компания келесі жылдан бастап электрлі самокаттар сервисін ашуды қарастыратын болады», – деді халықаралық «Микро Капитал» холдингінің президенті.

Айта кетерлігі, жақында Алматы көлік жүйесін кешенді реформалағаны үшін ақылды қалалардың Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды.

Конкурс комитеті Алматының көлік реформасын жүйелі жүргізгенін, қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны ұтымды пайдаланғанын, кірісті көлеңкелі айналымнан шығарғанын, жаяу жүргінші және қоғамдық кеңістікті модернизациялау нәтижесінде экологияны жақсартуға басымдық бергенін және басқа негізгі критерийлерді жүзеге асырғанын атап өтті.

Жыл аяғына дейін қоғамдық көліктің үлесін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз