19 қараша күні сағат 6:58-де Әуезов ауданының өрт сөндірушілері Ақсай-4 №17 үй мекенжайына шықты. 7 минуттан кейін келген өрт сөндірушілер автотұрақ аумағында орналасқан көкөніс дүңгіршегінің жанып жатқанын анықтады.
— Өрт жалпы ауданы 50 шаршы метр болатын екі автокөлігі бар жабық автотұрақтың шатырын шарпыған. Сондай-ақ, жылу әсерінен Nissan Primera маркалы авто көліктің әйнегі мен корпусы зақымдалған.
Өрт алғашқы өрт сөндіру есептоптары келген сәттен бастап 24 минут ішінде оқшауланды, 07:36-да толығымен өшті.
Тиісті шара қабылданып, өрттің автокөліктер мен тұрақ қалқаларына таралуының алдын алды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Алматы қаласының ТЖД ғимараттарда өттің алдын алу үшін электр сымдарын тесеріп, олардың жарамдылығын, электр желілерін шамадан тыс жүктемелмеуін бақылау қажет деп ескертеді.