Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматыда автобус жүргізушілері бас көтерді. Алайда мұны әкімдік жоққа шығарды

Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылардың айтуынша, автобустардың жолға шықпауының себебі – газ толтыратын бекеттің істен шыққан.

“Таңертеңнен бастап маған коммуналдық паркте газ толтыратын жанармай бекетінің істен шыққанын баяндап берген болатын. Сондықтан автобус жүргізушілері газ толтырып үлгермеген. Осылайша істен шыққан жанармай бекеттері таңертеңгі уақытта жөнделіп біткен. Оператор өздері үлгереміз деп ойлап, дер кезінде директорға ескертпеген, сондықтан мынадай қиындықтар туындап отыр”, – деді Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Оның мәліметінше 40-қа жуық автобус газ толтырып үлгермеген. “Қазіргі уақытта олар жанармай құйып алып, жолға шығып жатыр”, – деді Исахов.

Алайда басқа бағытта жүретін жүргізушілер мен кондукторлардың айтуынша, олар жоспардың көбейтілгеніне байланысты шықпай отыр екен. Басқармада бұл мәліметті жоққа шығарды.

https://www.youtube.com/watch?v=vz2CezHaeXA

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз