Оңтүстік астанада Гагарин және Ходжанова көшелерінің қиылысында жылу трассасы жарылды.
24 маусым күні таңертең сағат 5-тер шамасында жарылыс тіркелді. Қайнаған судың қуаты күшті бұрқағы көше қиылысына жайылып, бес автокөлікке, бағдаршам мен жақын маңда орналасқан кафенің жазғы алаңына зақым келтірді.
«Алматы жылу жүйелері» апатты гидравликалық сынақтардың жүргізілуімен байланыстырды. Зақым келген мүлік иелерінің шығындарын өтеп береміз деп уәде етті.
«Зақым келген көліктердің иелерінің шығындары белгіленген тәртіпте өтеледі. Алдын ала мәлімет бойынша, 35 жылдан артық уақыт бойы (1985 жылдан бері) пайдаланылған диаметрі 800 миллиметр құбылдың тозуы жарылуға себеп болған. Қазір ол жерде апат салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар жылу берушілер 10 шілдеге дейін жылу желілеріне сынақ жүргізіледі, сондықтан азаматтар мен қала қонақтарын жұмыс жүргізіліп жатқан орындарға машиналарын қоюдан бас тартуға шықырамыз деп ескетті.