Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматыда арыстанға тас атқан жігіт іздестіріліп жатыр

Зообаққа қыдырып келген отбасы тәтті ұйқыда жатқан арыстанды осылай оятпақ болыпты. Бірі тасты жерден алып, екіншісі оны жыртқышқа қарай бар күшімен лақтырып жатыр. Сорақысы сол, ата-анасының осындай дөрекі әрекетін кішкентай баласы тамашалап тұр.

Соңғы кездері зообақтың тұрғындарын осылай қорлаушылар көбейіп барады. Мәселен, өткен айда жасы 50-ден асқан ер адам аюға тиіскен еді. Ол мұндай әрекетке немересінің көңілін көтеру үшін барыпты. Ал, ол кезде зообақ басшылығы ешқандай шара қолданбаған. Мекеме басшылығы енді оянған секілді.

“Әрине,бұл құқық бұзушыға, тиісті шара қолданады деген ойдамын. Өзім депутат ретінде өкілді органнан заңнаманың өзгертілгенін талап етемін. Себебі бұндай заң бұзушылар саны көбейіп кетті”, – дейді Алматы хайуанаттар бағының директоры Ержан Еркінбаев.

Тіпті, жануарларды қорғау үшін зообаққа 40-тан астам камера орнатылыпты. Күзетшілердің де санын арттырған.

“Біз барлық жерге бейне бақылау камераларын орнаттық. Енді заң бұзушыларды сол арқылы бақылайтын боламыз. Аңдарға қосымша әйнек орнатамыз”, – дейді Алматы хайуанаттар бағы директорының орынбасары Наталья Ингер.

Негізі арыстан күніне 20 сағат ұйықтайды екен. Мейірімсіз отбасы оның шырт ұйқысын бұзса да, қазір аң патшасының жағдайы жақсы. Ал полиция арыстанға тиіскендерді іздеп жатыр екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз