Алматы полициясы қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өз кезегінде Алматы полициясының өкілдері қылмыстық топтың үш мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілгенін хабарлады. “Криминалдық полиция басқармасы қылмыстық топтың жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді. Олар – Алматы облысының тұрғындары, пәтер мен көліктерді тонап жүрген. Тағы бір нұсқа бойынша, олар көліктерді техникалық құралдармен скандау арқылы ашып, тонаған. Олар көлікпен кетіп бара жатқанда алдына тосқауыл қойылып, ұсталды”, – деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.