Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда алты балдық жер сілкінісі болады деген ақпарат жалған – ТЖД

Ал Сейсмология институты жер сілкінісі қауіпсіздігі бағытында іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізумен айналысады.

«Сейсмология институтының ақпаратына сәйкес, жер қыртысының 6 балға дейін қозғалуынан (МSK-64 шкаласы бойынша) инфрақұрылым зақымдала қоймайды. Ғимараттар бұзылып, қирамайды. Жыл сайын Алматы маңында 80 км радиуста 200-ге тарта жер сілкінісі болып тұрады.

Сейсмология институтының пайымдауынша, Алматы маңында 2018 жылы қуаты 7 баллдан асатын жер сілкінісі болмайды»,- деді ТЖД.

Ұзақмерзімді болжам жылдың соңында жасалады. Қалалық ТЖД тұрғындарды тек қана ресми органдардың ақпаратына сенуге шақырады.

«Виктор Инюшин таратқан ақпаратқа сәйкес келетін жер сілкінісінің параметрлері жоқ. Оның болжау әдістемесі ғылыми негізге сүйенбеген. Ол кісінің болжамдары Сейсмология институты мамандарынан тұратын комиссияның қарауына алынбаған.

Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Рамазанов «Инюшин басқаратын биофизикалық болжам қызметі ЖОО құрылымдық бөлімшесі емес. Оның болжамына ЖОО жауап бермейді» деді» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін түрлі БАҚ беттерінде биофизик Виктор Инюшиннің Алматыда қуаты күшті жер сілкінісі болатыны туралы болжамы тарап кеткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз