Алматы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда әйел адам мемлекеттік баспана алып беремін деп, адамдардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденіп кеткен.
Полиция айтқандай, 35 жастағы айлакер әйелді кезекті қулығын асырғалы жатқан кезде, қылмыс үстінде ұстаған, деп хабарлайды Sputnik.
“Мұндай қызмет заңды емес болғандықтан, зардап шеккендер полицияға арыз бермепті”, — деп атап өтті полиция.