Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматыда әл-Фараби даңғылында мемлекеттік нөмірсіз жүрген көліктер айыппұл тұрағына қойылды

Audi жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 10-бөлігі бойынша (“Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу”) , 595-баптың 2-бөлігі бойынша (“Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу”) , 595-баптың 1-бөлігі бойынша (” Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру “) және 603-баптың 2-бөлігі бойынша (“Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу”) 4 әкімшілік хаттама толтырылды.

Range Rover жүргізушісіне қатысты 3 хаттама толтырылды: 595-баптың 2-бөлігі бойынша (“Маневр жасау қағидаларын бұзу”) , 590-баптың 1-бөлігі бойынша (“Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу”) , 593-баптың 1-бөлігі бойынша (” Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау”) . Екі көлік те айыппұл тұрағына жеткізілді”, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратқалиев.

Мұның алдында полицейлердің кортеж қатысушыларының барлығына айыппұл салғаны хабарланған еді.

 

https://kaz.365info.kz/myna-krutojlarga-ministr-khasymovtyn-kyji-kele-me-326755

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз