Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда әккі ұры коттеджді ұрланған заттар қоймасына айналдырған (видео)

Байдәулетов ұрланған заттарды сатумен айналысып отырған. Мысалы, ол ұрылардан нетбукті 7 мың теңгеге сатып алып, 14-15 мың теңгеге сатып отырған”, – деді Алматы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары қызметкерлері Байдәулетовке ұрланған заттарды өткізіп отырған пәтер тонаушылары да ұсталды. Олар оқу орнынан 400 мың теңгенің затын ұрлап шығып келе жатқан жерінен ұсталды.

“Бұлар 26-31 жас аралығындағы жас жігіттер. Алматы және Түркістан облыстарынан келген. Бұрындары ұрлық пен алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сатып алушы секілді олар да уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың Алматы территориясындағы алты қылмысқа қатысы бары анықталды. Сотқа дейінгі тергеу барысы кезінде бұлар жасаған қылмыстардың көбейе беруі мүмкін. Басқа да істерге қатысы бар жоғы анықталып жатыр”, – деді Ысқақов.

Байдәулетовтен тәркіленген заттарды өзіңіздікі екенін танып біліп жатсаңыз, мына нөмірлерге хабарласуыңызға болады: 254-43-93 және 8 (705) 212-21-21.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз