Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
506
0.00
EUR
551
0.00
RUB
5.89
0.00

Алматыда адам ағзасын сатып келген ер адам сотталды

111

Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан Ислам Ұзақбай есімді азамат 2021 жылы Түркияда бүйрек трансплантациясын жасатып, Алматыдағы медициналық орталықта ем алған. Осы кезде ол науқастарға донор тауып, бұл істен пайда табу туралы ойға келеді. Бірақ жалғыз өзі мұндай әрекетті жүзеге асыра алмайтынын түсініп, тергеу барысында толық анықталмаған Айман есімді азаматшамен байланыс орнатқан.

Ұзақбай гемодиализ кезінде бүйрек трансплантациясына мұқтаж науқастардың бірімен танысып, оған донор табуға көмектесетінін айтып, қызметі үшін 10 миллион теңге сұраған. Алғашында науқас отбасы мүшелерімен ақылдасатынын айтқанымен, Ұзақбай оған жиі хабарласып, сеніміне кірген.

Науқастың жағдайы нашарлап, гемодиализ көмектеспей қалған кезде ол туыстарымен кеңесіп, трансплантацияға келісім берген. Ұзақбай оған бұл процестің ресми түрде және квота арқылы жүзеге асатынын айтып, кезексіз жасату үшін 10 миллион теңге төлеу қажеттігін алға тартқан.

Осы уақытта Айман интернет арқылы Астанадан бүйрегін 8 миллион теңгеге сатуға келісетін донор тауып, оған Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ота жасалатынын уәде еткен.

Донор мен науқас аталған орталықта медициналық тексеруден өтіп, кейін ота сәтті жасалған. Алайда операциядан кейін Ұзақбай науқастан донор үшін тағы 10 миллион теңге талап еткен. Осылайша, алғашқы клиент жалпы 20 миллион теңге төлеген. Бұл істің табысты екенін түсінген Ұзақбай тағы бір науқас пен донор тауып, сол орталықта ота жасатуды жоспарлаған кезде қолға түскен.

Сот үкімімен Ислам Ұзақбай кінәлі деп танылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, бүйрегін сатпақ болған донор да заңсыз әрекеті үшін айыпталып, 2 жылға шартты жазаға кесілді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз