Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Алматыда 44 мың теңгеге жүргізуші құжаты сатылып жатыр

Көліктерді тіркеу бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы. Адам қарасы қаптаған мына мекеменің толық атауы осылай. Анығында халыққа қызмет көрсететін мемлекет, есік алдында жүгенсіз жүрген делдалдар емес. Солай екенін біле тұрса да заң бар-ау, тәртіп бар-ау деп жүрген біреу жоқ.

Бұл жігіт өзінің айтуына қарағанда біраздан бері осында істеп жүр. Кәнігі тілі мен сенімді сөзі онысын айғақтап тұр. Соған қарағанда, мынауың заңсыз деп ешкім қуып шықпағанға ұқсайды. Ал Халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы бес жасар баланың сенуі қиын сөзді айтады. Яғни, мұрнының астында болып жатқан бассыздықтан бейхабар.

«Ақшаға қызмет ұсынатын жайттар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ішінде болып жатқан жоқ. Сыртында болып жатуы мүмкін. Ол адамдармен құқық қорғау органдары айналыса жатар. Біздің қызметкерлеріміздің бұл істерге қатысы жоқ»

– дейді Алматы қаласы ХҚКО департамент директорының міндетін атқарушы Әсел Мамажанова.

Басшының айтуынша, ғимарат маңайында патрульді автобус пен аумақтық инспектор кезекшілік жасайды. Бірақ, нәтижесін көріп отырмыз. Мекеменің дәл осындай былықтарын осыдан екі жыл бұрын да жайып салған болатынбыз. Содан бері олқылықтың оңалғаны көрінбейді. Жағдайға құқық қорғау органдары бел шешіп кіріспесе, әзірге ақшамен құжат рәсімдеуге тура келетін сияқты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз