Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыда 23-24 мамыр күндері оқшаулану бойынша антирекорд жасалды

244

Қалалықтар тауды сағынып қалыпты. Достық — Құрманғазыдағы танымал автобус аялдамасы өткен демалыста сөмкелер асынып, таяқ ұстаған адамдардың алаңына айналды. Барлық жастағы адамдар  №12 автобус бағытын басып алды.

Бұл демалыста қалалық билікке  автобустар санын арттыруға не кедергі болғаны белгісіз

Автобустар адамдарға лық толы болды. Алайда бетперде киген бір де бір адамды көрмедік. Оны киген адамдар, тынысы тарылып, тез арада қайта шешіп жатты.

Медеуде топ-топ полиция қызметкерлері болды. Автобустан шыққан адамдар тобы мен жеке көліктерімен келгендер жан-жаққа тарап кетті. Біреу бөгетке көтерілсе, басқалары Горельник сарқырамасына, алайда басым көпшілігі Фурманов шыңына қарай бет алды.

Дауыс зорайтқыштар алып шыққан жастар бірнеше киллометр радиусында естілетін заманауи эстрада әндерін қосты.

Тау өзенінің шуылы, құстар дауысы және қалалық өмірде күнде бола бермейтін тыныштық оқшауланудың аяқталуына қуанған адамдардың дауысынан сезілмей қалды

Кейін барлығы бір сәт тынышталды. Тау басындағы пикник тым артық нәрсе. Қыздар шемішке шағып, ер адамдар темікі тарта бастады. От жағылып, тамақ пен мерекенің иісі сезілді. Романтиктер гүл жинауға кетті.

Тау басында алма ағаштары мен бөртегүлдер гүлдеп тұр. Ал одан сәл жоғарыда тау қызғалдақтары төгіліп тұр.

Тауға барғысы келгендерге

бірнеше қарапайым, бірақ маңызды ережелерді түсіндіру керек шығар. Олар:

  1. Музыканы қатты тыңдамау. Өйткені тауда тыныштық, құстар мен суды тыңдау керек.
  2. От жақпау.  Әсіресе жазда. Өйткені тек шөпті қана емес, ағашты да өртеп жіберуіңіз мүмкін.
  3. Қоқыстарды жинап, өзіңмен бірге алып кету. Бос пластик бөтелкелерді, пакеттерді, орамаларды қалдырмау. Мұндай пластиктердің бұзылмайтыны бұрыннан белгілі.
  4. Банкілерде тамақ қалдырмаңыз. Тамақ іздеген жануарлар осындай банкілердің мойынына басын тығып, қақпанға түсі, өліп жатады.
  5. Басқа туристермен тауларда амандасып жүру. Бұл таудың ескі жазылмаған заңы.
  6. Тау өзенінде ыдысты химиялық заттарды пайдаланып  жуудың қажеті жоқ. Бұл бұлақ суы. Оны ішуге болады.
  7. Көлікті тұрақта қалдыру, ал экологиялық аймаққа жаяу жүру. Экопостадағы жемқорлық — бұл пікірталас тудыратын жеке үлкен тақырып. Күзетшілерге пара беріп өтуге болатын болса, қорық аймағына жол жүруге ресми тыйым салудың қандай пайдасы бар?

Постскриптум

24 мамыр күні бірден екі рекорд жаңартылды. біріншісі Алматыда әлеуметтік оқшаулану талаптарын бұзылуына қатысты болса, екіншісі коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша. Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда өткен тәуліктер тағы 209 адамның вирус жұқтырғаны анықталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз