Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-2
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

Алматыда 19 жастағы бойжеткенді алып қашқан жігіт оны 4 күн бойы қамауда ұстаған

Диананың ағасы Рашид Тұрсыновтың айтуынша, қызды 1994 жылы туған досы алып қашып кеткен. Ол Диананың ұялы телефонын алып қойып, өзін әбден қорқытыпты. Бойжеткенді жатақханаға жігіт алдап апарған дейді Рашид. Үйлену туралы әңгіме мүлдем қозғалмаған.

“Диананы тапқаннан кейін оны полиция бөлімшесіне алып барды. Ол жерде жігіт екеуін бетпе-бет сөйлестірді. Қыз сөйлеген жоқ. Сосын қарындасымды үйге алып кеттік. Ол әбден қорқып қалған, ешкіммен сөйлеспейді, тамақ ішпейді. Денесінде зорлық-зомбылықтың іздері жоқ. Меніңше, оған психологтың көмегі керек”, – дейді Рашид Тұрсынов.

Оның айтуынша, қыздың туыстары ұрлаған жігіттің жазалануын талап етеді. Өйткені, ол бойжеткенді 4 күн бойы өз еркінен тыс қамауда ұстаған.

“Қазір ол жігіт өзге жаққа кетіп қалды. Бірақ, біз оның үстінен арыз түсіреміз, іздеп тапсын, жазаласын!”, – дейді Диананың ағасы.

Айта кетейік, Диана Советқан өзінің туған күнін тойлап болған күннің ертесіне жоғалып кеткен болатын. Ол жұмысына кетіп, қайта оралмаған. Оның анасы мен басшысына осы күндер аралығында белгісіз біреуден бірнеше СМС-хабарлама келіп түсіпті. Оның мәтіні жарияланған жоқ.

a0669d32e540eb09a9772a3d7db951fe_xl

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз