Үлкен шыны аяқта дайындалған алкогольсіз мохитоның рекордтық көрсеткіші Медеу спорт кешенінде тіркелді. Ал ішімдік сондағы көңіл көтеріп жүрген барлық сырғанаушыларға таратылды, деп хабарлайды КТК.
Ерекше шараға қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері де қатысып, үздік көрсеткішке сол жерде куә болды. Ал сусынның құрамына көптеген қоспалар қолданылды. Шамамен 14 келі дәмдеуіш, 17 келі лайм, 10 литр ерітілген қант пен 47 литр газ сусыны және дәм кіргізетін басқа да заттар қосылды. «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өткізілген қызықты шараны сырғанауға келген 2 мыңға тарта адам тамашалады. Сондай-ақ, коктейль шеберлерінің қатысуымен көрермендерге шоу концерт ұйымдастырылды.
“Коктейльді жасауға 8 адам бір ай бойы дайындалды. Оның құрамындағы барлық қоспалары таза өнімдер. Ал шараны өткізуде қала әкімдігінің барлық талаптарын сақтады”, – дейді ұйымдастырушы Аннель Ерімбетова.