Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматы ТЖД: балаларды өрттен құтқарған қаңғыбас емес

Сандуғаш Баймұхамбетова

«Бұл үйде жас шамасы 10 айдан 14 жас аралығындағы 14 бала тұрады екен. Өрт күшейген кезде ата-аналары өздері балаларды сыртқа шығарып, одан кейін, «Бөгенбай батыр, 218» мекен-жайындағы көршілеріне апарған. Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама көрсеткендей,

олар ешқандай қаңғыбас адамды көрмеген»,

– деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

Айта кету керек, төтенше оқиға 18-қараша күні Алмалы ауданында болған. Өрт туралы хабарлама «101» нөміріне таңғы 10:09-да «Мұқанов көшесі, 152» мекенжайында орналасқан  жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Тілсіз жау, шамамен, 300 шаршы метр аумақты шарпыды. Онымен күрес барысында салтанатты шаралар мен мерекелерді ұйымдастырумен айналысатын «Шар дизайн» ЖШС ғимаратынан 37 геллий баллоны (бос), жер үйден көлемі 27 литрлік 4 газ баллоны шығарылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

Бірқатар БАҚ сол күні 10-нан астам баланы тұрғылықты мекен-жайы жоқ қаңғыбас өрттен құтқарды деп хабарлаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз