Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматы стансасын айналып өтетін теміржол салынады

Жалпы жоба Алматы стансасын 40 пайызға жеңілдетуге және сол арқылы транзитпен жүретін жүктерді тасымалдау мерзімін 2 тәулікке қысқартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік іс-әрекетінің мерзімі – 30 жыл», – деді Жеңіс Қасымбек.

Министр «Алматы-Қорғас» автомобиль жолы учаскесіндегі «Нұр жолы» автомобиль өткізу пунктінің инфрақұрылымын салу жұмысы да мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жүргізілгендігін айтты.

«27-ші қыркүйекте «Нұр жолы» өткізу пункті ресми іске қосылды. Ескі «Қорғас» өткізу пунктімен салыстырғанда Қазақстан мен Қытай арасындағы «Нұр жолының» өткізу мүмкіндігі 10 есеге ұлғайды.

Яғни, тәулігіне 2500 автокөлік құралдарына дейін жетеді. Қазіргі уақытта жеке серіктес 2026 жылға дейін пайдалануға жұмысына кірісті», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз