Ресейдің белгілі саясаттанушысы Андрей Карпов Алматыны секс-туризм орталығына айналдыруды ұсынды. Бұл ұсыныс қазақтардың наразылығын тудырып отыр.
Саясаттанушы “Содружество” баспасөз клубында жарияланған мақаласында әлгіндей мәселені көтерген. Оның ойынша, Алматыны секс-туризм орталығына айналдыру үшін Қазақстанда жезөкшелікті заңдастыру керек.
Десе де, саясаттанушының айтуынша, өзін атағысы келмеген алмытылық бір белгілі журналист Алматыда жезөкшелік дамыса қалаға туристер ағылып келер еді деп есептейді екен.
“Алматыдағы секс-индустрия біздің қалаға туристерді тарта алады. Тек бұған шаһар басшылары жалған идеологиялық стереотиптермен емес, оң көзбен қарауы керек” депті әлгі журналист.
Дереккөз: kaz.caravan.kz