Алматы полициясы психиатриялық клиникадан қашып кеткен науқасты ұстады

53 просмотров

Ол Медеу ауданында құрықталды.
Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінен хабарлады.

Еске сала кетсек, 10-тамызда шамамен сағат 19:00 уақытында Алматының психикалық сауықтыру орталығынан бір науқас қашып кеткен болатын.

„12-тамызда сағат 02:30 минутта Алматы қаласы ішкі істер департаментіне қарасты бөлімшелерінің қызметкерлері қаладағы психикалық сауықтыру орталығынан жақында қашып кеткен шизофрениямен ауыратын 1982 жылғы Қанат Құжамбетовті ұстады. Ол қаланың Медеу ауданында құрықталды„ делінеді хабарламада.