Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Алматы облысында жас отбасы он жыл бойы күткен сәбилерінен айырылды

Қайғылы жағдай Көксу ауданының ауруханасында болған. Ата-ананың сөзінше, бар кінә дәрігерлердің салғырттығынан болған.

“Бала қансырап содан өлді. Негізгі жауапкершілік күре тамырдан шыққан қанды тоқтата алмаған дәрігерлердің білімділігінің төмендігі. Қабілеті төмен. Әрі жауапкерсіз”, – дейді Көксу ауданының тұрғыны, баланың атасы Әкпәр Меденбек.

Небәрі бір жарым жастағы Ақжолдың іші ауырған соң, анасы ауруханаға әкеледі. Үш күн алған емнен соң жағдайы жақсарған ұлдары отбасына оралады деген жақсы жорамал да жоқ емес еді. Алайда баланың күретамырына салынған система Ақжолдың өмірін тоқтатты, – дейді анасы. Қан тоқтамай, сәби қансырап қайтыс болған. Ал көз жұмған Ақжолды емдеген дәрігер баланың жағдайы қатты ауыр болғанын айтып отыр.

“Бала ағзасында инфекция болды. Ол соны көтере алмады. Тіпті балада тырыспа да болды. Ауру асқынып, мида ісіктің пайда болуына әкелді”, – дейді дәрігер-анестезиолог Владимир Ким.

Бір жарым жастағы ұлдарының өлімі ата-ана жүрегін қанжылатты. 10 жыл бойы күтіп, армандаған сәбилерінен бірақ сәтте айырылып қалғандарына әлі де сене алар емес. Тамырға салынған система кезінде дәрігер, не болмаса медбике отырғанда мұндай жағдай болмас еді дейді.

Жансақтау бөлімінде жатқан балаға дұрыс ден қоймады. Есесіне системаны салып, өздері жәйбарақат шәй ішіп отырды дейді Ақжолдың анасы. Енді шәй ішкен мамандарға шара қолданамыз дейді бас дәрігердің орынбасары.

“Әке-шешесі айтты қайтыс болған баланың, сіздер шәй ішіпсіздер. Болған сменді айтамыз. Түсініктеме беріңдер. Шара қолданамыз”, – деді Көксу аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ғани Ағыбаев.

Ал ата-ана дәрігердің балаға қойылған мынандай диагнозымен үзілді-кесілді келіспеді. “Поражение центральой системы, токсоплазма, тұмау тиген. Өкпесінде де. Оң жағында. Ақау бар”, – деп отыр Ғани Ағыбаев.

Шарасыз күйде қалған ата-ана енді сотқа жүгінбек. Құзырлы орган Көксу ауданының ауруханасындағы мамандарға тиісті шара қолданады деген үмітте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз