Алматы облысында тау сәт сайын жылжып, әйгілі Көлсай көліне баратын жолды жабуға сәл қалған.
Бұл туралы Ktk.kz хабарлады.
Бұл құбылысты куәгерлер видеоға түсіріп алған. Айтуларынша, тау 1 минутта 20 сантиметрге дейін ығысып жатыр екен.
Оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері дереу жетіп, қауіптің алдын алуға кірісіпті. Яғни, Көлсайға барар жол жабылып, қозғалыс тоқтатылған.
Оқиға орнында құтқарушылар жүргенімен, әзірге нақты ақпарат таратылмай жатыр.