Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасы 19 қыркүйекке қараған түні Панфилов ауданынан өтетін “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тасжолында болған. ІІД мәліметінше,көлік тізгінінде 43 жастағы алматылық әйел отырған Range Rover көлігі Айдарлы ауылының маңында түйеге соғылып, аударылып кеткен. Жүргізуші әйел мен тағы үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі кейінірек ауруханада қайтыс болған. Түйе де оқиға орнында өліп қалған. Оның иесі әлі анықталмады. Полициядағылар жол апаты болған тасжолдың құрылысы әлі аяқталмағанын және соған байланысты бұл жерде автокөлік қозғалысына тыйым салынғанын айтып өтті.
“Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық тергеу басталды”, – делінген ІІД хабарламасында.