Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы облысында өмірден қажыған азамат мүгедектік арбасын өртеп жіберді

Бұл Болат Әбілдиновтің өз арбасын екінші рет күлге айналдыруы. Талабы сол бір – баспаналы болу.

“Үштөбедегі “Нұротан” да керек қылған жоқ.  Не әкімдік  керек қылған жоқ. Бір-біріне сілтейді”,-дейді ол.

39 жасар ер адам қол-аяғын Ақмола облысындағы құрылыста жұмыс істеп жүргенде үсітіп алған көрінеді. Ал,Үштөбеге 3 жыл бұрын қоныс аударған. Қазір отбасымен аядай ғана жалдамалы баспанада бас сауғалауда. Ол мұнда келген жылы-ақ үй кезегіне тұрған екен. Бірақ, жаңа пәтерді жылдап күтер шамам жоқ дейді.

“Қол аяғым жоқ. Егер аяғым болып, жарайды бірінші топтағы мүгедек болайын, мен тосар едім”,-деді Болат Әбілдинов.

Шенділер мүгедекті мүлдем елеусіз қалдырған деуге келмейді. Жеке көмекші беріп, протез, арбамен қамтыған. Жәрдемақысын да айма-ай алып отыр, тіпті, үй де ұсындық дейді.

“Бір үй ұсынғанбыз тұратын  жер үй. Мен от жаға алмаймын, мен ол үйде тұра алмаймын деп бас тартты”,-дейді  Қаратал ауданы әлеуметтік бағдарламалар орталығының жетекшісі.

Жағдайы жасалмаған үйден жарымжанның бас тартуы жөнді де. Өйткені, оған тұрақты күтім керек. Ал, Болатқа кезегінен бұрын үй берілуі мүмкін деген ақпар мұндағы өзге мүгедектердің ашуын туғызды. Олар да жылдар бойы баспана алуды аңсап жүргендер. Сондықтан, заңсыздыққа жол бермейміз деп отыр. Қалағаным болмаса, өзіме қол саламын деп Әбілдинов те қорқытуда. Сондықтан, бұл жолы жауаптылар әбден тығырыққа тірелгендей.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз