Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматы облысында күзетшіні өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды

128

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға қараша айында Талғар ауданындағы шойын құятын цехтардың бірінде болған. Таңертең цех күзетшісінің мәйітін тауып алғандар полицияға хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары 43 жастағы ер адамның өліміне қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын шұғыл бастады. Қылмысты жан-жақты қарастыру мақсатында арнайы топ құрылды.

“Аса ауыр қылмысты не мақсатта және кім жасауы мүмкін” – деген сауалмен тәртіп сақшылары әртүрлі нұсқаларды қарастырды, оларды тексерді.

Полицейлердің жан-жақты жүргізген іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген 30 және 32 жастағы екі азамат ұсталды.

Оның бірі – шекаралас мемлекеттің азаматы болып шықты. Оқиға орнынан қылмыс құралы болуы мүмкін құбыр сынығы табылып, ол іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді”,- делінген хабарламада.

Алдын ала тергеу барысында күдіктілердің бірі осы цехқа жақын маңда бұған дейін жұмыс жасағаны және сол түні түрлі-түсті металл сынықтарын ұрлау мақсатында цех аумағына кіргендері анықталды. Дегенмен, цех күзетшісі олардың жымысқы әрекетін іске асыруға кедергі келтіргені анықталды.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз