Сегізі дереу ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.
Зардап шеккендердің барлығы шағын автобус жолаушылары. Ал оқиғаның өзі Алматы-Бішкек тас жолында болған. Адамдар лық толы қоғамдық көлік үлкен автобуспен соқтығысқан. Екінші автобустың жолаушылары дін аман. Ал Спинтердің жолаушылары түрлі дене жарақаттарын алған.
Атап айтқанда, бірінің иығы шығып, енді бірінің жамбасы сыныпты. Зардап шеккендердің ішінде 10 жасар бала да бар. Олардың көбі – Жамбыл және Түркістан облысының тұрғындары.
“Жансақтау бөлімінде екі науқас жатыр. Бір кісі әйел адам. 1960-шы жылғы. Жарақаты – жабық ми бас жарақаты. Жамбас сүйегі сынған. Екінші жігіт жабық ми жарақаты. екеуі де ем алып жатыр”, деді Қарасай аудандық орталық ауруханасының директоры.