Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатына ұшырағандар болған жайтты айтып берді

Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте түнгі сағат 11-лер шамасында Талғар-Ақбұлақ тас жолында болған. Еш алаңсыз қалаға бағыт алған көлік, кенеттен қалың ағаштардың арасынан жүгіріп шыққан жылқыны соққан. Жүргізуші ірі қара малды 40 метрге дейін сүйреп, ағашқа жаншылып тоқтаған.

Зулап келе жатқан көлікке қос тұяғын сермей атылған жылқы әйнекті сындырып, алдында отырған жүргізуші мен 14 жастағы қызды басып қалған. Салдарынан Алина Азаматқызы оқиға орнында тілге келместен көз жұмды. Тағы төрт бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілсе, қара жамылған отбасының отағасы дін аман.

“Айша деген қыздың сан жілігі сынған. Бетінде жарақаттары болған. Қалған балалардың бастарына рентген түсірдік. Ешқандай сынық көрмедік. Үшеуінде жабық ми жарақаты бар”,дейді Талғар қаласы орталық ауруханасының травматологы Айнабек ТӨЛЕУБАЙ.

Бұл өмірі қыршыннан қиылған өрімдей қыздың анасы Гүлзада Бегімбетова. Апаттан миы шайқалып, бет сүйектері сынған ол тұңғышынан қапыда айрылғанын әлі бейхабар. Қайғылы оқиғадан есеңгіреген ана құрсағындағы алты айлық сәбиінің амандығына шүкіршілік етеді.

“Қызым ес-түссіз жатты болды. Ары-бері жүгіре бердім. Сосын бір машина келді. Жедел жәрдем шақырып жіберіңізші дедім”,дейді зардап шегуші Гүлзада БЕГІМБЕТОВА

Жолды кесіп өтпек болған жылқыны түннің қою қараңғылығында аңғармай қалған жүргізуші Медғат жол жиегінде мал жайған бақташының әрекетіне ызалы. Тіпті, оқиға орнынан тайып тұрғанын өз көзімен көріпті.
: –

“Мені қысып тастады. Талып қалдым.Жылқы жерге түскенде есімді жинадым. Өкпем ашылып, қайта ояндым.Жылқы үстімде тұра берсе өліп кетуім мүмкін еді.Ол қарап тұрды. Сосын қашты”,дейді көлік жүргізушісі Медғат БЕКТҰРОВ.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары төрт түліктің тас жолдағы бей-берекет жүрісін қадаламаған жылқының иесін іздестіріп жатыр. Алайда, жақын маңдағы ауылдардан жылқысын жоқтаған тірі жан жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз