Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Алматы облысында бір еркек әйелін басынан теуіп, атпен сүйрепті

156

«Өткен демалыста біздің сауықтыру орталығына 30 жастағы бір балалы келіншек келіп түсті. Алғашқы кездегі жағдайы өте ауыр болды. Әйелді заңды некедегі жолдасы аяусыз тепкілеген соң үйінен қашып шығып. Алматыдағы мешітті паналаған. Сол жердегі азаматтар келіншектің түрін көріп, бастан кешкен оқиғасын естіген соң 9000 теңге жинап беріп, бірнеше күн түнеткен. Мешітке келушілердің бірі Гүлназияны (тергеу құпиясына байланысты аты өзгертілді) байқап, біздің баспанаға әкелді. Қазір келіншек өзін аямай сабаған күйеуінің үстінен полицияға арыз түсіріп, медициналық сараптамадан өтіп жатыр.

Ол еркек туған қызы мен жарына қол көтеріп, зорлық көрсеткеніне біраз жыл болған. Гүлназия жетім қыз, іздеуі болмаған соң жолдасы болар болмашы нәрсенің бәрін сылтау етіп, ойынан келгенін жасапты. Әйелін тұрғызып қойып, бес рет пышақ та лақтырған. Құдай қаққанда, суық қару тимеген. Алайда, баласы мен өзінің басындағы аяқ киіммен тепкендегі іздері жарты ай өтсе де сақталып қалған.

Ең сорақысы “төсекті дұрыс жинамадың, қыз тудың” деп сылтауратқан еркек әйелінің қолына қыл арқан салып, атпен сүйрегені.

Осыдан соң Гұлназия қатты қорқып, ауылы мен үйін тастап, қалаға қашып келіп отыр»,- деді Маргарита Өскенбаева.

Ашылғанына небәрі екі ай ғана болған «Араша» баспанасы әлден-ақ зорлық көрген әйелдерге толып қалыпты.

Психолог маманның айтуынша, бұл үйге көбінесе өзге ұлт өкілдері жиі келіп шағым айтады. Ал қазақ әйелдері ауыр халде тұрса да, күйеуінің қылмысын жасырады екен.

«Қазақтың әйелдері күйеуінің ұрғанын айтуды, оның үстінен арыз жазуды «ұят» деп санайды. Жалпы, елімізде соңғы бірер жылда 400-ден астам әйел отбасылық зорлықтың құрбанына айналып, қайтыс болған. Бұл нақты статистика ғана. Ал ел білмей өліп жатқан әйелдер қаншама? Шындығына келсек еліміздегі 10 отбасының сегізінде еркектер әйелдеріне қол көтеруде. Көпшілік әйелді ауылдық жерде ғана, оқымаған, жұмысы жоқтар ғана ұрады деп ойлайды. Біз республика бойынша жұмыс жасаймыз. Бізге шағымданғандардың арасында білдей департамент басшысы да, ұлттық компанияның менеджері де бар. Әйелдерін аяусыз ұратындардың ішінде күштік құрлымдардың азаматтары көп екенін жасырмаймын. Олардың кейбірі тіпті прокуратурада қызмет атқарады»,

– дейді «Араша» үйінің басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз