Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматы облысында алты шағын су электр стансасы салынады

167

Айта кетелік, бұл шағын су электр стансасының жобасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде таныстырылып, кеңінен насихатталған еді. Ол кезде бір жыл бұрын пайдалануға берілген Лепсі өзеніндегі су электр станциясы үлгі етілген. Міне, соның негізінде тағы бірнеше шағын су электр стансасы бой көтермек.

Су қоймасы үлгісінде салынған бұл нысанның қуаттылығы – 17 мегаватт. Жылына орта есеппен 68 миллион киловатт электр қуатын өндіреді. Бұл – Лепсі өзенінен салынған екінші су электр станциясы.

– Біздің станциямыз су қоймасынан берілетін қысыммен жұмыс істейді. Оның құрылысына 4 миллиард теңгеге жуық жеке инвестиция салынды, – дейді , ГЭС басқармасы штабының кезекшісі Әлімхан Баянбаев.

Кіші энергетиканы дамытуда шағын ғана Басқан сияқты тау өзендерінің әлеуеті өте зор. Қазір мұнда қуаттылығы 4,2 мегаваттық кіші ГЭС салынып бітті. Онда әрқайсысы 1,4 мегаваттық 3 турбина қойылған. Ал өзеннің ағысы осындай бірнеше станция салуға мүмкіндік береді. Ол үшін 80 млн текше метр су сыятын су қоймасын салу керек.

– Покатилов су қоймасының жобасы әзір. Қазір ол мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Су қоймасы салынса, Ақсу ауданындағы сурармалы жерлердің көлемі 8,4 мың гектарға, ал Сарқан ауданы бойынша 11 мың 300 гектарға ұлғаяды, – дейді мердігер компания директорының орынбасары Виктор Десятников.

Еліміздегі тау өзендерінен алынатын электр энергиясы қорының 65 пайызы Алматы облысына тиесілі. Баламалы қуат көзін өндірудің аймақтық бағдарламасына сәйкес Жетісу жерінде 2025 жылға дейін 28 электр станциясы салынуы тиіс. Сол арқылы облыста 850 мегаватт электр қуаты өндірілетін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз