Алматы облысындағы Сырымбет ауылында арықтан екінші сынып оқушысының денесі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Қайғылы оқиға 28 ақпанда болған. Сол күні бала мектептен қайтып келіп, үйінің ауласында ойнап жүрген. Ата-анасы үйде болмаған, әкесі Алматыда жалдамалы жұмыста істейді, ал шешесі Текелі қаласында болған.
Жеті жасар баланың денесі үйінің маңынан өтетін арықтан табылған.
“Баланың мәйіті сараптамаға әкетілді. Жерлеуге дайындалып жатырмыз”, – деді баланың ағасы.