Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы облысында 11-сынып оқушысы 7-сыныпта оқитын қызды зорлаған

288

«Еңбектеп келіп, кешірім сұраудың орнына енді бізді кінәлі қылып шығып отыр ұятсыздар. Билікті сатып аламыз дейді, прокурордың, судьяның үстінен сөйлейтін кімдер бұлар?» – дейді жәбірленушінің туысы Жанар Тұранқазықызы.

Барлығы да қыздың келісімімен болды деген айыпталушы тараптың сөзі үстімізден жай түсіргендей болды дейді жәбірленушілер. Ар-намысымыздың тапталғаны аздай, енді істі бұрмалатуға жол бермейміз. Егер сот әділ шешім шығармаса жоғары сотқа дейін соттасуға дайынбыз дейді.

«Ана балаға аяушылық танытпайды емес, танытар едік. Егер ол бала о баста мойындаса кінәсін, бұл жерде бала о баста мойындамай кінәсін, кейін тергеу амалдары басталғаннан соң, медициналық сараптама шыққан соң ғана мойындап отыр кінәсін», – дейді жәбірленуші тараптың заңды өкілі Кәмшат Есмұханбетқызы.

Ал айыпталушы тарап оқушылар қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрген дегенді де айтады. Бірақ сот бітпейінше сұхбат бере алмайтындарын жеткізді.

Панфилов ауданында болған жантүршігерлік оқиға қазір Талдықорған қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. 13 жастағы қыз баланың тағдырына балта шабылды деген жәбірленуші тарап іс бұрмаланып кетеді ме деп алаңдаулы. Ал биыл 8-ші сыныпқа баруы тиіс оқушы әлі мектепке де бармаған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз