Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматы облысында 10-сынып оқушысы жүкті болып қалды

Алматы облысы, Қарақыстақ ауылындағы шағын ғана мектепте баласы оқитын  ата-аналар алаңдаулы. Жаңа оқу жылы жағымсыз жаңалықпен басталды дейді. Қазақы тәрбиемен ағайын болып араласатын ауыл үйдің адамдары естіген бұл ақпараттарын сыбырлап қана айтады. Сол себепті сауалды мектеп директорына төтесінен қойдық.

“Иә, 10-сыныпқа көшкен оқушымыз бес жарым айлық емес, 12 апталық жүктілік. Оны біз растаймыз. Енді мектеп оқушысы некесін қияды. Неке туралы заңда сондай бап бар. Егер жүктілікпен ауыратын болса деген”, – дейді Сүйінбай атындағы орта мектеп директоры Хамит Еспаев.

Мектеп басшылығы басқа балалардың тәрбиесіне әсер етпесін деп, аяғы ауыр оқушысын сырттай оқытуымыз мүмкін дейді. Ал, ауылдастарынан қысылып, жүзін жасырған ата-ана болса, бұл мектептегі оқушының ғана емес, ұстаздың да тәрбиесін түзеу керек деген пікірде. Айтуынша, биыл мектепті үздік бітірсе де қызының қолына қызыл аттестат бұйырмаған. Есесіне, өзгелер «білімді сатып алды» – дейді.

“Екі төрттің оқушысы биыл оқу жылын аяқтағанда, қызыл аттестат алып кетті. Ал беске аяқтаған менің қызым қызыл аттестат алмады. Себебі мен ақша бермедім”, – дейді ата-ана.

Сондай-ақ ата-ана, 11-сынып бітірген 12 оқушы емтиханнан алған бағасын түзетті. Оны дәлелдейтін құжаттарым да бар дейді. Бірақ Жамбыл аудандық прокуратурасы шағымымды қабылдамады деп отыр. Алайда, мектеп басшысы бұл деректі жоққа шығарды.

“Ешкім саудаға салынған жоқ. Балалар өз білімімен дәлелдеп,  қызыл аттестат алды. Екі оқушымыз қызыл аттестат алды”, – дейді Сүйінбай атындағы орта мектеп директоры Хамит Еспаев.

Яғни «Білім саудаға салынды деген» ата-ананың шағымын мектеп директоры негізсіз деп отыр. Ал, ауылдастарынан қысылып, жүзін жасырған ата-ана болса, шағымын дәлелдемек ниетте құзырлы органға шағымданамын дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз