Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматы облысы ауыз сумен қамту мәселесі бойынша бірінші орында

«Республика бойынша Алматы облысы ауыз сумен қамту бойынша бірінші орынды алып отыр. Көрсеткішке сүйенсек 83,7 пайыз. Ауыз сумен қамтуда кәріз жүйесі үлкен рөл алады. Кәріз жүйесі облысымыздың 58 елді мекенінде бар. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту ғимаратының құрылысы қайта жаңғырту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қапшағай қаласындағы кәріз-тазарту құрылысы қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобаны іске асыру үшін жеке меншік капитал тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанағатов Әсет.

Қорытындылай келе жылдың соңына дейін облыстың 18 ауылдық елді мекеніне орталықтандырылған ауыз сумен қамту мәселесі қарастырылған. Олардың сумен жабдықтау жүйелерінің үлесі 86,4 пайыз немесе 640 елді мекенді құрайды.

Дереккөз: qazaquni.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз