Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматы облысы әкімдігі: “Көмір тапшылығы екі күнде жойылады”

156

Алматы облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әсет Қанағатовтың айтуынша,

аймақтағы коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізушілер мен сатушылар ауа-райы жағдайына дайын болмаған және күрт өскен сұранысты дер кезінде қанағаттандыра алмаған.

«Ауа температурасының күрт төмендеуінен 20-24 қаңтар күндері көмір өндіру көлемі азайды, осыған байланысты отынды жеткізу кестесі де сақталмады. 25 қаңтардан бері көмір разрездеріндегі жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Әзірге көмірді жеткізу мәселесі тұрақталмады», – деді Әсет Қанағатов.

Басқарма басшысы аталған мәселенің бақылауға алынғанын, штаб құрылып, әрбір вагонның бағыты қадағаланып отырғанын жеткізді.

Соңғы үш күнде Алматы және Талдықорған өңірлеріне Қаражыра және Шұбаркөл разрездерінен 246 вагон немесе 16 мың тонна көмір жіберілген. Оның 10 мың тоннасы Есік қаласы орналасқан Алматы өңіріне жіберілген.

«Талдықорған өңірінде 92 вагон көмір бар, тағы 54 вагон көмір түсіру жоспарланып отыр. Талдықорған қаласында 16 вагон көмір түсіріліп жатыр. Менің ойымша, екі-үш кұнде тұрмыстық көмірге деген сұранысты жабамыз», – деп өз сөзін толықтырды Әсет Қанағатов.

Әкімдік өкілінің айтуынша, жылыту маусымында тұтас облысқа 1 миллион 430 мың тонна көмір қажет. Бүгінде 1 миллион 308 мың тоннасы, яғни 93 проценті әзірленген. Қазіргі уақытта 29 мың 640 тонна көмір бар, оның бір тоннасы 14,5-15 мың теңгені құрайды.

Айта кетейік, ауа температурасының төмендеуіне байланысты соңғы аптада республиканың оңтүстігінде, әсіресе Алматы облысында көмірге деген сұраныс күрт өсті. Соның салдарынан Талдықорғанда бір тонна көмір бағасы 20 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз