Алматы метросында жетонды қолма-қол ақшаға сатып алатындар үшін жол ақысы 80 теңгеден 150 теңгеге дейін «секірмек».
Қала әкімдігі сондай қаулы шығарыпты, дейді Sputnik Казахстан.
Ал жол ақысын электрондық жол жүру карталары арқылы төлейтіндер үшін тариф сол баяғы 80 теңге күйінде қалады екен.
Бұл өзгеріс он күннен кейін күшіне енбек.