2025 жылдың жазынан бастап Алматыдан Қырғызстанның танымал курорты Ыстықкөлге тікелей ұшуға мүмкіндік туады. Екі әуе компаниясы – Asman Airlines пен Fly Arystan – жаңа бағыт бойынша рейстер орындайды.
Asman Airlines 27 маусымнан бастап дүйсенбі және жұма күндері ұшатын болса, Fly Arystan 3 шілдеден бастап бейсенбі мен жексенбіде рейс жасайды. Осылайша, жаз бойы аптасына төрт тұрақты рейс қазақстандықтар мен туристерге қолжетімді болмақ.