Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматы мен Семейдегі митингтердің айырмашылығы неде?

199

Осы туралы кеңірек талқылау үшін 365info ҚР парламент мәжілісінің экс-депутаты Нұрлан Жазылбековке хабарласқан болатын.

Жаңа заң ескі заңға қарағанда жақсырақ па?

«Қоғамда ескі заң мен жаңа заңның айырмашылығы жоқ деген талқылау жүріп жатыр. Мен бұған келіспеймін. Қоғамдық кеңестің талқылау алаңында құқық қорғаушылармен бірге бірнеше отырыс өткізілді. Жаңа заң жасауда ескі заңды негізге алдық. Өкінішке орай онда көптеген мәселе ескерілмеген. Дегенмен Дәурен Абаевпен өткен бүгінгі кездесу өте нәтижелі болды. Бұл заң жобасының нормалары әлі де талқыланады.

Бұл ескі заң деп айтуға болмайды.

Заң рұқсат беру сипатында емес, ескерту сипатында болады

Жиынға қатысатындардың саны мен оны өткізетін орынға қатысты даулы мәселелер бар. Мұның барлығы жұмыс тобы мен парламентте ары қарай талқыланатын болады.

Мегаполистегі митингтер: кездесу орнын өзгертуге болады

Ең бастысы бұл заң жобасын алматылық қоғам өкілдері талқылауда. Алматы өзіндік ерекшелігі бар қала, мегаполис. Ерекше жұмыс тәсілін қажет етеді дейді, Жазылбеков.

Алматыны Семей немесе Талдықорғанмен салыстыруға болмайды. Шағын қалалардағы митингтер басқаша өтеді, Алматыда митинг өткізетін орынды таңдауға қатысты пікірталас туындауда.

Митинг өтетін орындарды мәслихат белгілейді

«Мәселен, еңбек ұжымы басшылығына қарсы ойын жеткізгісі келсе, олардың  Алматының орталығына баруы міндетті емес, — дейді сұхбат беруші. —Кез келген бейбіт митингінің мақсаты — өзіңнің ниет-тілегіңді атқарушы органдардың назарына жеткізу. Олар өз тарапынан толық жауап беруі қажет».

Онлайн-митингтерді біз шығарған жоқпыз

«Бүгін министрдің онлайн-митингілерді қолдағаны дұрыс болды», — дейді саясаттанушы.

Оның пікірінше,

сандық жүйеге көшкен әлемде қоғамның талқысына түскен қандай да бір мәселені тез талқылап, онлайн негізге дауысқа салуға болады.

«Үкімет осы арқылы қоғамды алаңдатып отырған сұраққа назар аударады.

Қалай дегенмен де, онлайн-митинг әлем тәжірбиесінде  бар. Бұл ұсыныстң министр тарапынан қолдау тапқаны дұрыс болды.  Бұл норма заң жобасына енеді».

Қазақстанда онлайн-митинг өткізуді ұсынды

Саясаттанушы алда тағы да талқыға салатын мәселелер көп деген пікір білдірді.

«Адамдар өз ойларын еркін айтып жеткізе алады. Бұның өзі бір жетістік»

Президенттің қол қоюына ерте

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис  заң жобасын халықаралық сараптамаға жіберуді ұсынды.

«Жовтис талқылауды ұсынды. Бұл қоғам өкілдірінің соңғы отырысы емес қой. Ешкім заң жобасын ертең  қол қою үшін президентке жолдағалы тұрған жоқ. Алдын ала дабыл қағудың қажеті жоқ.

Мен

бұл жобаны халықаралық стандарттарға сәйкес жасау керек

және басқа елдердің жіберген қателерін қайталамау қажет деген оймен келісемін.

Тіпті Өзбекстанның өзі бейбіт митингілер туралы өзінің заң жобасын халықаралық нормаларға сәйкестендіріп жатыр. Біз де бір орында тұрақтап қалмай, алға жылжуымыз керек.

Қалай десек те,

адамдардың ойын ашық жеткізуіне мүмкіндік беру қажет.

басты қағидаларды қалыптастырмасақ, ескерту арқылы ештеңені шеше алмаймыз».

Журналистерге митингтен хабар таратуды үйретеді

Жаңа заң жобасын талқылауға қатысқан журналистер мен құқық қорғаушылар  заң олардың құқықтарын шектейді дейді. Нақтырақ айтқанда, жаңа заңның аясында митинг туралы хабар тарату бұқаралық ақпарат құралын жабуға себеп болуы мүмкін.

«Журналистердің арыз-талабы бойынша… Мұның барлығы олардың қалай хабар тарататына байланысты. Арандатушылардың әрекеттері тоқтатылатын болады.  Ерекшелейтін белгілерге келетін болсақ,

алыстан қарағанда журналист екені көрінуі керек. Олар қол сұқпаушылыққа ие.

Журналистерді жиынның басқа қатысушылармен шатастырмау керек.

Мұның барлығы ұйымдастырушылардың жауапкершілігіне байланысты. Әрине, ұйымдастырушылар қатысушыларға жауап бермеуі керек. кез келген митинг кезінде әкімшілік құқықбұзушылық болады. Ең бастысы барлығы бейбіт митинг аясында өтіп, шағу-қирату әрекеттері болмауы керек.

Біз

митингтің басты мақсаты — қоғамды алаңдатып отырған сұрақты мемлекеттік органдардың назарына жеткізу екенін түсінуіміз керек.

Мемлекеттік органдардың міндеті  — уақытылы және нақты жауап беру».

Әдем елдерінде митингтер қалай өткізіледі?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз