Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстанда онлайн-митинг өткізуді ұсынды

111
Сурет: veralline.com

Болат Жұматаевтың бұл пікірін “Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” заң жобасын талқылау кезінде  айтты, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

17 ақпан күні Алматы қаласында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғам өкілдерімен кездесіп, митинг өткізу тәртібі туралы жаңа заң жобасына қатысты адамдардың пікірін тыңдады.

“Біз 1995 жылғы заң жобасына өзгерістер енгіземіз деп ойлағанбыз. Алайда талқылау барысында, өзгеріс енгізгенге қарағанда жаңа заң қабылдаған дұрысырақ екенін түсіндік. Жаңа тұжырымдамалық заң қабылдау керек” –

деді Дәурен Абаев. Ол қоғам өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, заң жобасын талқылауға дайын екенін айтты.

Қоғам белсендісі Болат Жұматаев онлайн-митингілер өткізуді ұсынды.

“біздің өмірімізде әлеуметтік желілердің маңызы зор.(…)  Онда онлайн-митингілер, онлайн-сауалнамалар өткізіп, нәтижесін мемлекеттік органдардың қарауына жіберуге болады”, деген ұсыныс білдірді Болат Жұматаев.

Оның ойынша,

азаматтар көшелерге шықпай-ақ Желідегі “митингілер” арқылы өз пікірін білдіре алады.

Осы кездесуде «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының тұжырымдамасында митингтерді өткізу орнын белгілеудегі маслихаттардың құзіреттілігі анықталған болатын.

Митинг өтетін орындарды мәслихат белгілейді

Бұл құжатқа сәйкес, осы тектес шараларға арналған орындар көлік құралдары келе алатын жерде өтуі тиіс. Сәйкесінше, елдімекендердің орталығында болуы қажет.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз