Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашынның мол түсуі салдарынан кей өңірлерде су басу қаупі ұлғая түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің айтуынша, Алматы қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында су деңгейі көтеріліп, тасқын орын алуы мүмкін.
1-6-сәуірде Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында еріген қар суының молаюына байланысты әрі жауын-шашын түсуі мен ауа температурасының көтерілуі салдарынан мұз еріп, су деңгейі көтеріліп, су басуы ықтимал.
2-6-сәуірде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласында күн жылынуы мен жауын-шашын түсуіне орай, су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін.
3-4-сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының жылынуы салдарынан, еріген қар суы молайып, су деңгейі көтерілуіне байланысты, өзен аңғарларында су басуы болуы ықтимал.
3-4-сәуірде Павлодар облысында күн жылынуы мен қар еруіне байланысты әрі Шүлбі су қоймасынан су ағызу көлемі ұлғаюы салдарынан, өзендерде су деңгейі көтеріліп, маңындағы елді мекендерде су басуы мүмкін.
2-4-сәуірде Қарағанды облысында күн жылынуы салдарынан, еріген қар суы молайып, өзендердегі су деңгейі ұлғайып, маңындағы елді мекендерді су басу қаупі туындайды.
2-4-сәуірде Шығыс Қазақстан облысында күн жылынуынан өзендерде су ағыны ұлғайып, деңгейінің көтерілуіне байланысты су басуы мүмкін.