Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Алматы көшелерінде полицейлер неге қаптап жүр? (фото)

177

Таңертеңнен бастап алқалы топ The Ritz-Carlton қонақүйіне жиналды. Ол арада форум өтіп жатыр. Талқы тақырыбы – Әлемдік жаңа тренд пен бағыттарды ескере отырып, ТМД елдерінің экономикасын цифрлық жағынан дамыту бойынша әріптестік мәселесі.

Қонақүйдің аузында құқық қорғау өкілдерінің қарасы көп. Сол территорияға бағыт алған барлық көлік құралдарын олар тексеріп жатыр. Сол секілді қонақүйге жапсарлас сауда дүкенінің де кіре берісінде полициялардың қарасы көрінеді. Қонақүй территориясында телевиденияға арналған алаңқай бөлінген, ол арада журналистер қаптап жүр.

Қонақүй орналасқан әл-Фараби көшесінің бойына да полицейлер тіз қатар қойылып тасталған.

Айта кетелік, әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысына шектеу қойылмады. Бірақ қонақ келер алдында бұл көшені жып-жылмағай, айнадай етіп тазалапты.

Түстен кейін жоғары шенді қонақтар Rixos Almaty қонақүйіне тартады. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметаралық кеңесі өтеді. Бұл кездесуге РФ Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев төрағалық етпек. Бұл қонақүй маңында да журналистерге арналған орын әзірленіпті. Қонақүйдің маңында, сол секілді Сейфуллин даңғылының бойында полицейлер тіз қатар тұр.

Таңертең “Алтын Орда„ базарының маңайында Райымбек батыр даңғылында да полицейлер қаптап жүр.

Сондай-ақ бүгін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлағандай, 3 және 4-ақпанда „Шымбұлақ„ демалыс орны жабылады. Бұл кезде арнайы жаттығу өткізілетін көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз